​Футбол: Қазақстанның наурыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

0
1 191

Лауреаттарды Қазақстан Премьер-Лигасы командаларының бас бапкерлері мен футболшылары іріктейді.


​Футбол: Қазақстанның наурыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

ERNUR.KZ. Қостанайлық «Тобылдың» капитаны Азат Нұрғалиев Қазақстан чемпионатының наурыз айындағы үздік футболшысы атанды, деп жазады ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сегіз жыл бұрын Sports.kz сайты «Алмаз» жобасын іске қосқан болатын. Бұл жоба бойынша Қазақстан чемпионатының ең үздік футболшысы анықталады. Лауреаттарды Қазақстан Премьер-Лигасы командаларының бас бапкерлері мен футболшылары іріктейді. Бұған дейін «Алмаз» жобасы бойынша Ұлықбек Бақаев (2011/2012), Андрей Финонченко (2013), Бауыржан Исламхан (2014, 2016), Жерар Гоу (2015), Жуниор Кабананга (2017), Маркос Пиззелли (2018) сияқты ойыншылар жеңіс тұғырынан көтерілген-ді. Енді 2019 жылдың жеңімпазы болып Қостанайдың «Тобылында» ойнайтын Азат Нұрғалиев танылды.

Ал «Астананың» 31 жастағы вингері Марин Томасов екінші орынға ие болды. Хорват наурыз айында «гол+пас» жүйесі бойынша 6 ұпай жинады. Үшінші орында - 27 жастағы «Ордабасы» шабуылшысы Алексей Щеткин.

Жалпы дауыс беру қорытындысы мынадай:

1. Азат Нұрғалиев («Тобыл») - 34 ұпай

2. Марин Томасов («Астана») - 33

3. Алексей Щеткин - «Ордабасы») - 11

4. Жоао Паоло - "Ордабасы") - 6

5. Иван Маевский («Астана») - 5

6. Сергей Малый («Ордабасы») - 5

7. Никита Наумов («Жетісу») - 4

8. Джаба Канкава - («Тобыл») - 4

9. Игорь Шацкий («Шахтер») - 4

10-13. Джошуа Джон - («Қайсар») - 3 Элгуджа Лобжанидзе - («Тараз») - 3 Руслан Степанюк - («Жетісу») - 3 Марин Аничичич - («Астана») - 3

14. Дмитрий Непогодов («Ордабасы») - 3

15-20. Рада Дугалич - («Қайрат») - 2 Камо Оганесян - («Жетісу») - 2 Аслан Дарабаев - («Ертіс») - 2 Михаил Гордейчук - («Тобыл») - 2 Мірзад Механович - "Ордабасы") - 2 Антонио Рукавина - («Астана») - 2

21-25. Жүніор Кабанананга («Астана») - 1 Мақсат Байжанов («Қайсар») - 1 Абдулайе Диакате («Ордабасы») - 1 Милан Стоянович («Оқжетпес») - 1 Карлуш Фонсека («Ертіс») -