Футбол-тайм: Еуропа чемпиондар лигасының 1 тур ойындарына шолу

0
1 420

Екінші таймда «Барса» футболшылары қатырынан 3 гол соқты. 75 – минутта Усман Дембеле атын таблоға жаздырды. Қалған 15 минут ішінде Лионель Месси үлкен сахнаға шығып, хет трик авторы атанды. Қортынды есеп 4:0 «Барселонаның» жеңісі.


Футбол-тайм:  Еуропа чемпиондар лигасының 1 тур ойындарына шолу

Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының жаңа 2018 – 2019 жылғы маусымының топтық кезеңі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғашқы 4 топтық матчтарына қысқаша шолу жасаймыз.

«А» тобы.

«Монако» (Франция) – «Атлетико» (Испания) – 1:2

Монте Карлодағы «Луи II» стадионында өткен матчта алаң қожайындары қарқынды ойын көрсетті. Матч басынан олар шабуылдар ұйымдастырып, 18 – минутта есепті ашты. Радамель Фалькао бастаған шабуылды Самуэль Грансир сәтті аяқтап, «Монако» командасын есепте алға алып шықты. Бірақ, Еурокубоктарда соңғы кезде өте жақсы нәтижлер көрсетіп келе жатқан испаниялықтар ұпай алуға өздерінде күш тапты. 31 – минутта өте тамаша тәрізде ұйымдастырылған комбинациядан соң Диего Коста таразы басын теңестіріп кетті. Бірінші тайм аяқталуына бірнеше секундттар қалғанда «Атлетико» футболшылары екінші голды да соқты. Бұл жолы Хосе Мария Хименес гол авторы атанды – 1:2. Қалған минуттарда қсо команданың футболшыларына басқа гол соғу бақыты бұйырмады. Осылайша «Атлетико» 3 ұпай иесіне айналды.

«Брюгге» (Бельгия) – «Боруссия» (Дортмунд, Германия) – 0:1

Бельгияда өткен ойында стадионға жиналған жанкүйерлер бір голдың күәсі болды. 85 – минутта Кристиан Пулишич кездесудің тең нәтижемен аяқталуына жол бермей «Боруссия»ға қажетті 3 ұпайды сыйлады.

«В» тобы.

«Барселона» (Испания) – ПСВ «Эйндховен» (Голландия) – 4:0

«Ноу Камп» стадионындағы ойын Лионель Мессидің бенефисимен аяқталды. Аргентиналық шабуылшы 32 – минутта айып добын тамаша тәрізде орындап, есепті ашты. Ал, голландиялықтар қарымта шабуылмен гол соғу әрекетінде болды. Бірақ, соңғы соққыны бағыттауда қателіктерге бой алдырып, Тер Штеген қақпасын нысанаға ала алмады. Екінші таймда «Барса» футболшылары қатырынан 3 гол соқты. 75 – минутта Усман Дембеле атын таблоға жаздырды. Қалған 15 минут ішінде Лионель Месси үлкен сахнаға шығып, хет трик авторы атанды. Қортынды есеп 4:0 «Барселонаның» жеңісі.

«Интер» (Италия) – «Тоттенхэм» (Англия) – 2:1

Италия «А» сериясының өткен аптада өткен тур ойынында «Интер» өз алаңында «Парма»ға 0:1 есебімен жеңіліп сынның астында қалған болатын. Сол үшінде Лучиано Спалеттидің шәкірттері қала болмасын «Тоттенхэм»нен ұпай алуы қажет болатын. Бірақ, алғашқы таймда есеп ашылмағаннан соң үзілістен кейін олар үшін таргедиямен басталды. 53 – минутта Кристиан Эрексен «Интер» қақпасына гол соғып есепті ашты. Қалған минуттарда алаң қожайындарының екі гол соғуына көпшілік сенбеді. Себебі, «Тоттенхэм» әр дайым оңай жеңіліп қалмайтыны баршаға мәлім. Бірақ, Маурисио Почеттиноның шәкірттері соңғы минуттарда жеңіске жеттік деп ойладыма ойын тізгінін қолына алған «Интер» футболшылары қатарынан екі гол соғып жеңісті жұлып алды. 86 – минутта Мауро Икарди есепті теңестірді. Ал, 90+2 – минутта Матиас Весино италиялықтардың жеңіс голын соқты – 2:1.

«С» тобы.

«Ливерпуль» (Англия) – ПСЖ (Франция) – 3:2

Қос команданың ойынын 18 қыркүйекте өткен ойындардың ең қызықтысы және орталық кездесуі еді. Матч атына сай тартысты өтіп, голдарға толы болды. Бірінші таймда ағылшындар қатарынан екі гол соққан болатын. Сонымен қатар Мұхаммет Салах пен Неймардың қарсы ойыны жанкүйерлердің назарынан шетте қалмады. Ойын қаһарманы болуы күтілген қос футболшы да қақпаларды нысанаға ала алмады. Керісінше «көлеңкеде» қалып келе жатқан футболшылар гол соқты. Есеп – 2:2 болып тұрған кезде кездесудің соңғы минутында Фирмино «Ливерпуль» командасына жеңіс сыйлады.

«Црвена Звезда» (Сербия) - «Наполи» (Италия) - 0:0

Бұл жұпта италиялықтар фаворит есептелген болса да, стадионға жиналған жанкүйерлерге гол тамашалау бақыты бұйырмады. Осылайша Сербияда күтілмеген нәтиже тіркелді. «D» тобы «Галатасарай» (Турия) – «Локомотив» (Ресей) – 3:0 «Шальке» (Германия) – «Порту» (Португалия) – 1:1