Футбол тарихында алғаш рет ақ қағаз көрсетілді

0
707

Тарихи сәт 21 қаңтарда "Бенфика" және "Спортинг" әйелдер командалары арасындағы ойында болды.


Футбол тарихында алғаш рет ақ қағаз көрсетілді

ERNUR.KZ. Португалиядағы футбол матчында тарихта тұңғыш рет төреші ақ қағаз көрсетті, деп жазады vesti.kz.

Тарихи сәт 21 қаңтарда "Бенфика" және "Спортинг" әйелдер командалары арасындағы ойында болды. Ойыншылардың бірі ауырған кезде алаңға екі клубтың медицина мамандары келді. Дәрігерлер спортшының жағдайын қалыпқа келтіргеннен кейін, төреші оларға көрсетілетін көмек үшін алғыс ретінде ақ қағаз көрсетті.

Стадиондағы жанкүйерлер төрешінің шешіміне қол шапалақтап, ризашылық білдірді. Алайда әлеуметтік желілерде мұны пайдасыз, құр уақыт өткізу деп атады.

Айта кетейік, Халықаралық футбол федерациясы эксперимент ретінде Португалияда ақ қағазды пайдалануды енгізді. Осылайша, футболшыларға адал ойын үшін алғыс айту және спорттағы этикалық құндылықты арттыру жоспарланған.