Футбол жанкүйерлері стадионға оралды

0
776

Жергілікті билік мачтан кейінгі эпидахуалды жіті зерттейтін болады. Егер коронавирус жұқтырғандар саны артпаса, кейінгі ойындарға да жанкүйерлер көптеп келе алады.


Футбол жанкүйерлері стадионға оралды

ERNUR.KZ. Англия кубогының финалында 20 мың көрерменге матчты тамашалауға рұқсат берілді, деп хабарлайды Хабар24.

Ал бас жүлдені «Челси» мен «Лестер» сарапқа салды. Ойын тартысты өтті. Юри Тилеманс соққан гол Роджерс шәкірттеріне жеңіс сыйлады. «Челси» таразы басын теңестіретін еді. Бірақ ұрымтал сәтте мүлт кетіп жатты.

Томас Тухель жаттықтыратын команданың чемпиондар лигасының финалында өнер көрсететін ескерсек, оларда бәйге алудың тағы бір мүмкіндігі бар екені түсінікті.

Көрермендер туралы айтсақ, футболды тікелей тамашалауды әбден сағынып қалыпты. Тоқсан минут бойы қос команда да қолдаудан кенде болған жоқ.

Жергілікті билік мачтан кейінгі эпидахуалды жіті зерттейтін болады. Егер коронавирус жұқтырғандар саны артпаса, кейінгі ойындарға да жанкүйерлер көптеп келе алады.