Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының кестесі жарияланды

0
814

Финал 18 желтоқсан күні Лусаил қаласындағы 80 мың көрермен сыятын стадионда өтеді.


Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының кестесі жарияланды

ERNUR.KZ. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чемпионатының күнтізбесін жариялады, деп жазады 24.kz.

Алғашқы матч 2022 жылдың 21 қарашасында өтеді деп жоспарланған. Кездесу Әл-Хаур «Әл Бейт» стадионында болады. Топтық кезең матчтары 2 желтоқсанға дейін созылады. Плей-офф күнтізбесі мынадай:

1/8 финал 3-6 желтоқсанда;

Ширек финалдар 9-10 желтоқсанда;

Жартылай финалдар 13-14 желтоқсанда;

3 орын үшін жарыс 17 желтоқсанда;

Финал 18 желтоқсан күні Лусаил қаласындағы 80 мың көрермен сыятын стадионда өтеді.