Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бапкерін жанкүйерлер ұрып тастады

0
1 139

Константин Фроловты соққыға жығып, көзін көгертіп тастады


Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бапкерін жанкүйерлер ұрып тастады

ERNUR.KZ.Одессалық «Черноморец» клубының жанкүйерлері футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Константин Фроловты соққыға жығып, көзін көгертіп тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі championat.com порталына сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай Украина премьер-лигасының плей-офф кезеңінде «Полтава» мен «Черноморец» клубтарының арасындағы қарымта ойында болады. Кездесу барысында одессалық клуб 0:3 есебімен қарсылас командадан жеңіліп қалған.

Бірінші ойында Константин Фроловтың шәкірттері «Полтава» клубын 1:0 есебімен жеңген. Алайда соңғы жеңілістен кейін одессалық клуб Украина премьер-лигасынан шығып, бірінші лигаға түсіп қалды.

Кейін одессалық жанкүйерлер ашуға бой алдырып, «Черноморец» клубының жаттықтырушысына шабуыл жасайды. Тіпті олар Константин Фроловтың басынан бірнеше рет ұрған. Соққы салдарынан жаттықтырушының сол жақ көзінде гематома пайда болып, ол стадионнан кетуге асыққан.

Айта кетейік, 2012 жылдан 2014 жылға дейін украиналық маман Константин Фролов футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырды. Оны аталған қызметке Қазақстан футбол федерациясының спорт директоры Анатолий Юревич шақырған болатын.