Футболдан Азия кубогі қайда өтетіні анықталды

0
564

Азия кубогінің финалдық кезеңі 2023 жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында өтеді.


Футболдан Азия кубогі қайда өтетіні анықталды

ERNUR.KZ. 2023 жылы футболдан Азия кубогі Катарда өтеді, деп жазады vesti.kz.

Катар футбол ассоциациясының (QFA) президенті Шейх Хамад бен Халифа бен Ахмед Аль Тани Азия футбол конференциясының басшысы шейх Салман бен Ибрагим Аль Халифадан 2023 жылғы Азия кубогін өткізу туралы сертификат алды.

Бұл турнирде Катар құрамасы чемпиондық атағын қорғайды. Негізі әу баста турнирді Қытай қабылдау керек еді. Бірақ 2022 жылдың мамыр айында короновирустың өршіп кетуіне байланысты турнирді қабылдаудан бас тартты.

Азия кубогінің финалдық кезеңі 2023 жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында өтеді.