Футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды

0
965

1/4 финал ойындары 1-12, 18-19 сәуір күндеріне белгіленген.


Футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды

ERNUR.KZ. UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жарыстың аталған сатысына «Манчестер Сити» (Англия), «Интер» (Италия), «Бавария» (Германия), «Милан» (Италия), «Бенфика» (Португалия), «Наполи» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Челси» (Англия) командалары ширек финалға жолдама алған еді.

Жеребе барысында командалар төмендегіше жұп құрады:

«Реал Мадрид» - «Челси»

«Интер» - «Бенфика»

«Манчестер Сити» - «Бавария»

«Наполи» - «Милан»

1/4 финал ойындары 1-12, 18-19 сәуір күндеріне белгіленген. Ал жартылай финал 9-10, 16-17 мамыр күндері өткізіледі.

Финал 10 маусымда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионда болады.