Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы жарақат алып қалды

0
478

23 жастағы шабуылшысы Қазақстан чемпионатының 11-турында "Тараз" (0:2) командасына қарсы кездесуде жарақат алып қалды.


Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы жарақат алып қалды

ERNUR.KZ. Оралдық "Ақжайық" командасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының алғашқы кездесулеріне қатыса алмауы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.

23 жастағы шабуылшысы Қазақстан чемпионатының 11-турында "Тараз" (0:2) командасына қарсы кездесуде жарақат алып қалды.

Өміртаевтың жарақаты қаншалықты ауыр екені белгісіз болып тұр. Бірақ шабуылшы осы жарақатына байланысты маусым айында болатын Ұлттар лигасындағы Қазақстанның алғашқы кездесулеріне қатыспауы мүмкін.

Еске салайық, маусым айында Ұлттар лигасында Қазақстан төрт кездесу өткізеді. Оның біріншісі 3 маусым күні Әзірбайжанға қарсы болады.