Футболшы Исламбек Қуат Ресейдің "Орынбор" клубына ауысты

0
887

«Орынбор» футбол клубына еркін агент ретінде ауысқан 26 жастағы И.Қуатты Transfermarkt.de сайты 2 млн еуроға бағалап отыр (сөйтіп ол аталмыш клубтың ең қымбат ойыншыларының біріне айналды).


Футболшы Исламбек Қуат Ресейдің

ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Орынбор» футбол клубына ауысты, деп азадыы Stan.kz.

Ресейдің премьер-лигасында өнер көрсететін «Орынбор» футбол клубы И.Қуатпен келісімшартқа қол қойылғандығын хабарлады.

«Астана», «Оқжетпес», «Ақтөбе» клубтарында доп тепкен Исламбектің 2014 жылдан бері Алматының «Қайратында» ойнағаны белгілі.

И.Қуат 2015 жылдан ұлттық құрама сапында ел намысын да қорғап келеді. Сол жылы 10 қазанда Нидерланды қақпасына алғашқы голын салған-тын. Үш күннен кейін Ригада Латвия құрамасымен матчта жеңіс голын соғып, ерекше көзге түсті.

«Орынбор» футбол клубына еркін агент ретінде ауысқан 26 жастағы И.Қуатты Transfermarkt.de сайты 2 млн еуроға бағалап отыр (сөйтіп ол аталмыш клубтың ең қымбат ойыншыларының біріне айналды).

Исламбекке жаңа команда құрамына сіңісіп кету оңайға түспесі анық. «Орынбор» клубы турнир кестесінде 18 турдан кейін 19 ұпаймен 14-орында келеді. Өткен маусымда орынборлықтар чемпионатты жетінші орында аяқтаған болатын. Енді биыл төменгі топқа түсіп қалмау үшін команда барын салатыны белгілі.

Қазіргі кезде ресейлік клубтар қысқы демалыста. Осы қаңтар айында оқу-жаттығу жиындарынан кейін 28 ақпанда көктемгі турлар басталады.