Футболшы пенальти тебе алмай "тарихта қалды" (видео)

0
861

Бұл пенальти "тарихтағы ең нашар" деп аталды.


Футболшы пенальти тебе алмай

ERNUR.KZ. "Суонси Сити" шабуылшысы Берсант Целина чемпионшиптегі (Англияның екінші дивизионы) "Вест Бромвичке" қарсы ойында пенальтиді өте ебедейсіз орындады. Әлеуметтік желіде бұл пенальтиді "тарихтағы ең нашар" деп атап кетті, деп жазады vesti.kz.

Тайм соңында "Суонси" футболшылары 11 метрден соққы жасау мүмкіндігін алды. Пеанльтиді Целина тебетін болды. Жүгіріп келіп допқа таяғанда футболшы тайып, аяғы дұрыс тимей қалды. Осылайша, қисық кеткен допты қорғаушы алаңға бағыттап жіберді.