Футзалдан ел біріншілігінде «Қайрат» финалға өтті

0
687

Матч басында «Қайрат» 3:5 есебімен қалыс келе жатқан.


Футзалдан ел біріншілігінде «Қайрат» финалға өтті

ERNUR.KZ. Футзалдан ел біріншілігінде алматылық «Қайрат» финалға шықты, деп жазады 24.kz.

Жартылай финалда Кака шәкірттері рудныйлық «Аяттан» басым түсті. Соңғы үшінші матч кеше өтті. Кездесу нәтижесі 7:6. Алайда матч басында «Қайрат» 3:5 есебімен қалыс келе жатқан.

Осылайша үш кездесудің жалпы қорытындысы 3:0.

«Қайраттың» ендігі қарсыласы «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары арасындағы матчтан кейін белгілі болады. Дербидегі 2 ойын қорытындысы бойынша есеп әзірге 1:1. Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының 6-тур ойындары басталды.

Елордалық «Астана» петропавлдық «Қызылжарды» 3:1 есебімен жеңді. «Тараз» оралдық Ақжайықтан 1:0 есебімен басым түсті. Атырау мен қызылордалық Қайсар тең тарқасты. Есеп 1:1. Турдың екінші кезеңі бүгін талдықорғандық Жетісу және шымкенттік Ордабасы матчымен жалғасады.

Артынша «Ақтөбе» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды.

Түркістандық «Тұран» ақтаулық Каспиймен кездеседі. Ал орталық матч Қайрат пен Тобыл арасында өтеді. Екі команда да қазір турнир кестесінде үшінші орынға таласып тұр. Ал көш басында Астана мен Тараз келеді.