Галышеваны марапаттау рәсімі өтті

0
1 234

Пхенчхан олимпиадасында үшінші орын алған қазақстандық фристайлшы Юлия Галышеваға қола медаль 12 ақпанда салтанатты түрде табысталды. Бұл туралы Азаттық хабарлайды. Пхенчхан ойындарында медаль финалдан кейін келесі күні Олимпиада паркіндегі "Медаль плазада" табысталды.


Галышеваны марапаттау рәсімі өтті

фото: azattyq.org

Пхенчхан олимпиадасында үшінші орын алған қазақстандық фристайлшы Юлия Галышеваға қола медаль 12 ақпанда салтанатты түрде табысталды. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Пхенчхан ойындарында медаль финалдан кейін келесі күні Олимпиада паркіндегі "Медаль плазада" табысталып жатыр.Юлия Галышева 11 ақпанда фристайлдың могул түрінен Пхенчхан Олимпиадасының қола медалін иеленген. Алтынды франциялық Перрин Ляффон, күмісті канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант алған.

Қазақстан бір қола медальмен жалпы есепте 13-орында келеді. Пхенчхан Олимпиадасы 25 ақпанда аяқталады.