Геннадий Головкин ұпай санымен жеңіске жетті

0
856

Тартысты айқас 12-ші раундқа дейін жалғасты.


Геннадий Головкин ұпай санымен жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Боксшылар орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулына таласты.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Головкиннің бірнеше соққысынан кейін Деревянченко тепе-теңдігін жоғалтып алды. Нокдауннан кейін қазақстандық боксшының басымдығы айқындала түсті. Әсіресе, 2-раундта сол қолымен ұрған жойқын соққысынан кейін украиналықтың оң жақ қасы жарылып кетті. Бірақ, төрешілер айқасты тоқтатпады.

Кейінгі раундтарда Деревянченко жақын қашықтықта жүріп, сериялық соққылармен ұпай алуға әрекет етті. Ал Головкин қарсыласының ашылуын күтіп, арагідік-арагідік дәл соққылар бағыттады.

6-7 раундтардан бастап боксшылар біртіндеп ашық айқасқа көшті. Екеуі де аянып қалған жоқ. Кейінгі раундтарда Деревянченко керемет шапшаңдық танытты. Тартысты айқас 12-ші раундқа дейін жалғасты.

Төрешілердің шешімімен, жекпе-жек Геннадий Головкиннің жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.