Геннадий Головкин XXI ғасырдағы ең үздік боксшылардың қатарына енді

0
513

Үздіктердің басын Флойд Мэйвезер бастап тұр.


Геннадий Головкин XXI ғасырдағы ең үздік боксшылардың қатарына енді

ERNUR.KZ. IBF және IBO белбеулері бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Daily Mail басылымының нұсқасы бойынша XXI ғасырдың ең үздік 10 былғары қолғап шеберінің қатарына енді, деп жазады Vesti.kz.

1. Флойд Мэйвезер
2. Мэнни Пакьяо
3. Сауль "Канело" Альварес
4. Бернард Хопкинс
5. Хуан Мануэль Маркес
6. Роман Гонсалес
7. Нонито Донэйр
8. Марко Антонио Баррера
9. Александр Усик
10. Геннадий Головкин

Басылымның әр салмақтан ең үздік боксшыларды таңдап алғанын байқауға болады. Еске салайық, биыл желтоқсан айының соңғы аптасында белгілі отандасымыз күншығыс елінде WBA Super чемпионы жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді.