Германиялық маман Шымкентке келді

0
1 245

Халықаралық академиялық ескек есу федерациясының (FISA) мүшесі Аксель Мюллер Шымкентке келіп, облысымыздың есу спортының жұмыстарымен танысты


Германиялық маман Шымкентке келді

ERNUR.KZ. Германиялық маман Аксель Мюллер Шымкентке келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Халықаралық академиялық ескек есу федерациясының (FISA) мүшесі Аксель Мюллер Шымкентке келіп, облысымыздың есу спортының жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, Федерацияның ресми серіктесі "Жаңа Талап" туроператорының директоры Светлана Ким қонаққа Шымкент қаласы мен Түркістан облысының көрікті жерлері бейнеленген кітапты сыйлады.


Одан кейін Аксель Мюллер "Бадам" су қоймасындағы жаттығу базасына барып, облысымыздың спортшысы, Қазақстан құрама командасының жетекшісі - Владислав Яковлевтің Азия чемпионатына дайындықтарының соңғы кезеңін тамашалады.