Германиялық маман Шымкентке келеді

0
1 567

Қазақстан құрама командасының жетекшісі Владислав Яковлевтің Азия чемпионатына дайындалуына көмектеседі


Германиялық маман Шымкентке келеді

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ 2018 жылдың 2 тамыз күні Академиялық ескек есу федерациясының (FISA) мүшесі Аксель Мюллер іс - сапары мен алғаш рет Қазақстанға келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, әлем чемпиондарын дайындаған германиялық маман еліміздегі жалғыз академик ескек есуден оқу - жаттығу базасы мен жақыннан танысатын болады.

Сонымен қатар, Аксель Мюллер үшінші мегополиске Түркістан облысының байдарка жəне желкенді спорт федерациясының президенті Денис Жарменовтың ұсынысымен келіп, академиялық ескек есуден Қазақстан құрама командасының жетекшісі Владислав Яковлевтің Азия чемпионатына дайындалуына көмектеседі. Спортшының алдына дүбірлі додада бірінші орында иелену тапсырмасы қойылған.

Еске сала кетейік, Владислав Яковлев өткен жылы Қазақстан тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанған болатын.

Сондай-ақ, 2018 жылы Индонезияда өтетін Азия ойындарына Түркістан облысынан 8 есуші қатысады.