​"GGG мені тоқтата ала ма?". Олимпиада жүлдегері Головкинді жұдырықтасуға шақырды

0
1 308

Олимпиада чемпионы Головкинді әлеуметік желіде жекпе-жекке шақырды.


​

ERNUR.KZ. Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (22-0, 15 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жекпе-жекке шақырды, - деп жазады Vesti.kz.


Фалькао бұл сөзін әлеуметтік желіде жазыпты, 29 жастағы бразилиялық Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. 2014 жылдан кәсіпққой рингте жұдырықтасады, алайда, осы уақытқа дейін 12 раундты жекпе-жек өткізіп көрмеген.

"Менің атым Головкинмен жекпе-жекке қатысты аталған есімдердің бірі. GGG мені тоқтата ала ма?" - деп жазыпты Фалькао твиттер желісінде.

Еске салайық, Головкин ригке көктемде оралады деп жоспарланған. Алайда қазақстандық әлі де жаңа телесеріктес таңдаған жоқ. Ал GGG жұдырықтасу мүмкін боксшылар ішінде WBO чемпионы Деметриус Андрадемен (27-0, 17 КО) кездесу ықтималдығы үлкен.