Головкин - «Канело» жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде екінші орынға ие болды

0
657

«2018 жылы «Канело» және Головкин жекпе-жегі «Ring» журналында «Жыл айқасы» деп аталған.


Головкин - «Канело» жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде екінші орынға ие болды

ERNUR.KZ. Mymmanews.com сайты онжылдықтың ең үздік бокс жекпе-жектерінің тізімін жасады. Оған Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альвареспен өткізген екінші айқасы енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«2018 жылы «Канело» және Головкин жекпе-жегі «Ring» журналында «Жыл айқасы» деп аталған. Бұл олардың қарымта жекпе-жегі болатын. Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен. Екі боксшы да соңғы раундқа дейін бір-біріне ауыр соққы берумен болды. Альварес төрешілердің бірауыз дауысымен Головкиннен басым түсті», делінген БАҚ-та. Журналдың нұсқасы бойынша онжылдықтың ең үздік 7 айқасы:

1. Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо (2015)

2. Сауль Альварес — Геннадий Головкин (2018)

3. Дэвид Хэй — Дерек Чисора (2012)

4. Тимоти Брэдли — Руслан Проводников (2013)

5. Миккел Кесслер — Карл Фроч (2010)

6. Франсиско Варгас — Орландо Салидо (2016)

7. Теренс Кроуфорд — Юриоркис Гамбоа (2014)