Головкин Биволды жеңісімен құттықтады

0
880

​Жекпе-жектен кейін бірден «Канело» реванш өткізуді талап етті.


 Головкин Биволды жеңісімен құттықтады
ERNUR.KZ. Ресейлік боксшы келісті. Боксшылар арасындағы реванш Головкин-Альварес трилогиясына қауіп төндірді, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ресейлік Дмитрий Биволды (20-0, 11 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңгенімен құттықтады.

Головкин жекпе-жек нәтижесіне қатысты пікірін Twitter-де жазды.

Жеңісіңіз құтты болсын, Бивол. Барлығы күшті, дәл осылай жалғастыра беріңіз, – деп жазды Геннадий Головкин.

Дмитрий Бивол Сауль «Канело» Альваресті бірауыздан ұтты. Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулын қорғады.

Жекпе-жектен кейін бірден «Канело» реванш өткізуді талап етті. Ресейлік боксшы келісті. Боксшылар арасындағы реванш 2022 жылдың қыркүйегінде Головкин-Альварес трилогиясын өткізуге қауіп төндірді.