Головкин Елеусіновпен бір бокс кешінде жұдырықтасудан бас тартқан

0
1 431

Геннадий Головкин Елеусіновті өзі жұдырықтасатын бокс кешінің андеркартынан көргісі келмеген


Головкин Елеусіновпен бір бокс кешінде жұдырықтасудан бас тартқан

ERNUR.KZ. Наурыз айында ғана жекпе-жегін өткізген Данияр Елеусінов Головкин жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтаспайды, деп жазады caravan.kz.

Олимпиада чемпионы 8 маусым күні өтетін Геннадий Головкиннің жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығу керек болған. Алайда Геннадий Головкин Елеусіновті өзі жұдырықтасатын бокс кешінің андеркартынан көргісі келмеген. Енді Елеусінов 25-ші мамыр күні Оксон-Хилл қаласында (АҚШ, Мэрилэнд штаты) өтетін бокс кешінде сынға түседі.

Естеріңізге салайық, АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиспен қолғап түйістірді. Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Есеп — 79-70, 79-71, 79-71. Жетінші раундта Данияр Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберді, алайда мексикалық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алды.