Головкин IBF белдігін қайтарып алуы мүмкін

0
704

Егер «Канело» украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жектен бас тартса, IBF белдігінен айырылады.


Головкин IBF белдігін қайтарып алуы мүмкін

ERNUR.KZ. Америкалық сарапшы Майк Коппинджер мексикалық боксшы Сауль Авльварестің орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартуы мүмкін екенін айтты, деп жазады «Хабар 24».

Сарапшының сөзінше, егер «Канело» украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жектен бас тартса, IBF оны белдігінен айырылады.

Альварес украиналыққа қарсы жекпе-жекке мүлде қызығушылық танытып отырған жоқ. Оның бар ойы – қыркүйекте ресейлік Сергей Ковалевпен кездесу.

Ал Sports Illustrated репортері Крис Мэнникстің айтуынша, «Канелоның» мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions компаниясы Ковалевқа төленетін сыйақының мөлшерін көтеруге дайын.

Егер «Канело» Деревянченкомен кездесуден бас тартса, оның IBF белдігі вакантты болмақ. Онда бұл атақ үшін Деревянченко мен Геннадий Головкин жекпе-жек өткізеді.

Естеріңізде болса, 2018 жылы Головкин міндетті қарсыласы Сергей Деревянченкомен кездеспегені үшін IBF белдігінен айырылған болатын.