Головкин карьерасында алғаш рет жеңілді

0
1 486

Мұнда 114:114, 115:113, 115:113 ұпайларымен Альварес жеңімпаз деп табылды.


Головкин карьерасында алғаш рет жеңілді

АҚШтың Лас Вегас штатында кəсіпқой бокстан орта салмақта чемпиондық жекпе - жегі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

WBC жəне WBA белбеулері үшін өткен жекпе - жекте отандасымыз Геннадий Головкин мен мексткалық Сауль Канело Альварес жұдырық түйістірді. Жекпе - жекте қос боксшы жоғары деңгейде өткізіп, жеңімпаз аты төрешілердің шешімі бойынша анықталды. Мұнда 114:114, 115:113, 115:113 ұпайларымен Альварес жеңімпаз деп табылды.
Осылайша, GGG кəсіпқой бокстағы карьерасында алғаш рет жеңіліп қалды. Ал, чемпион атағына ие болған Сауль Альварес 50 - жеңісіне қол жеткізді. Осы орайда айта кетсек, мексикалық боксшы да карьерасында бір жекпе - жекте жеңілген.