Головкин мамырдың 5 күні жекпе-жекке шығады

0
1 056

5-ші сәуір күні өткен комиссия жиналысында «GGG Promotions»-тің келесі жекпе-жекті 5-ші мамыр күні Лас-Вегастағы MGM Grand төрінде өткізу туралы өтініші қабылданған.


Головкин мамырдың 5 күні жекпе-жекке шығады

фото: prosports.kz

Невада штатының атлет комиссиясы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегінің күні мен өтетін орнын ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

5-ші сәуір күні өткен комиссия жиналысында «GGG Promotions»-тің келесі жекпе-жекті 5-ші мамыр күні Лас-Вегастағы MGM Grand төрінде өткізу туралы өтініші қабылданған.

Айта кетейік, бұған дейін 5-ші мамырда Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта кездесуі өту керек болатын. Алайда допинг дауына ілінген «Канело» жекпе-жектен бас тартқан. Әзірге Головкиннің кіммен жұдырықтасатыны белгісіз.