Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі белгіленді

0
345

Бұл айқаста мексикалық өзіне тиесілі барлық белбеуін қорғайды.


Головкин мен

ERNUR.KZ. Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) кездесетін болды, деп жазады Vesti.kz.

Трилогия 17 қыркүйек күні болады. Боксшылар екінші орта салмақта жұдырықтасады. Бұл айқаста мексикалық өзіне тиесілі барлық белбеуін қорғайды.

"It’s official ? See you on September 17. Надеюсь, увидимся 17 сентября. Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше", - деп жазды Головкин әлеуметтік желісінде.

Аталған боксшылардың осыған дейінгі кездесулері орта салмақта өткен еді. 2017 жылғы жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін төрешілер мексикалықтың жеңісін тіркеді.

Еске салайық, "Канело" 8 мамыр күні жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңіліп қалды.

Ал Головкин болса Риота Муратаны (16-3, 13 КО) жеңіп, жапониялықтың WBA Super белбеуін иеленді.