Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында допингке тексеріледі

0
493

Головкин - Мурата айқасы Токиодағы Saitama Super аренасында 29 желтоқсанда өтіп, DAZN платформасында тарнсляцияланады.


Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында допингке тексеріледі

ERNUR.KZ. Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super титулына ие Риота Мурата (16-2, 13 КО) жекпе-жек алдында допингке тексеріледі, деп жазады vesti.kz.

Муратаның сөзінше, мұны екі тарап та қалайды.

"Головкин лагері тексеріс қалайтынын естідім, мен де қалаймын. Мен спорттағы ережелермен толық келісемін. Головкин де бұл мәселеге тиянақты қарайды деп ойлаймын. Инспекцияға шығын шығуы мүмкін, бірақ, ол мәселені шешеміз деп ойлаймын", - деп береді Муратаның сөзін Teiken промоутерлік компнаиясының сайты.

Еске салайық, Головкин - Мурата айқасы Токиодағы Saitama Super аренасында 29 желтоқсанда өтіп, DAZN платформасында тарнсляцияланады.