Головкин мен Роналду Италияда бір жоба аясында жұмыс істеуде

0
665

Роналду 2016 жылы Головкинның 34 жасқа толған туған күніне Мадриттік «Реалдың» жейдесін сыйлаған болатын.


Головкин мен Роналду Италияда бір жоба аясында жұмыс істеуде

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен танымал футболшы Криштиану Роналду Италияның Турин қаласында кездесті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін менің досым @cristiano-ны көргеніме өте қуаныштымын! @Daznglobal-мен қызықты жұмыс істедік, барлығыңызға көрсетуге асықпын» дейді GGG.

Ал Криштиану «Ерекше досыммен @Daznglobal-да қызықты жаңа жобада. Кездескеніме қуаныштымын@gggboxing!» дейді.

Айта кетерлігі, Роналду Головкинге италиялық «Ювентус» клубының 7 нөмердегі қолтаңбасы қойылған жейдесін сыйға тартты, ал Головкин португалдық футболшыға қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын ұсынды.

Еске салайық, Роналду 2016 жылы Головкинның 34 жасқа толған туған күніне Мадриттік «Реалдың» жейдесін сыйлаған болатын.