Головкин мен Шеремета кездесуі өтпеуі мүмкін: бапкер коронавирус жұқтырды

0
708

18 желтоқсан күні Флорида штатында Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі керек.


Головкин мен Шеремета кездесуі өтпеуі мүмкін: бапкер коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Орта салмақта өнер көрсететін Камиль Шереметаның ресейлік бапкері Федор Лапин коронавирус жұқтырды, деп жазады 24.kz.

Лапин Шереметадан бөлек тағы бір польшалық боксшы Кшиштоф Гловацкиді де жаттықтырады. Ол да коронавирус жұқтырған.

Енді оның 12 желтоқсан күні Лондонда WBO белбеуі үшін британдық Лоуренс Околиге қарсы жекпе-жегі де өтпей қалуы мүмкін. Бұл айқас Джошуа мен Пулев арасындағы айқастың андеркартында болуы керек еді.

Айта кетейік, 18 желтоқсан күні Флорида штатында Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі керек. Бұл кештің басты жекпе-жегі болып, 12 раундқа жоспарланған.