Головкин-Роллс айқасын елордадағы барлық сайлау учаскесінен тамашалауға болады _

0
822

Президент сайлауымен тұспа-тұс сағат 07.00-10.00 аралығында кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтеді.


Головкин-Роллс айқасын елордадағы барлық сайлау учаскесінен тамашалауға болады  _

ERNUR.KZ. Елордадағы барлық сайлау учаскелерінде 9 маусымда өтетін Головкин-Роллс айқасын тамашалауға болатын арнайы орын әзірленетін болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, 9 маусым күні Президент сайлауымен тұспа-тұс сағат 07.00-10.00 аралығында кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтеді. Осыған байланысты біз барлық сайлау учаскелерінде аталмыш айқасты тікелей эфирден көрсету үшін дауыс беру залынан тыс орын дайындалады», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі.

Айта кетсек, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусым күні Нью-Йорктегі (Қазақстан бойынша 9 маусым) «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы өткізеді.

Британияның The Sun басылымының хабарлауынша, басты оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 4-00-дер шамасында басталады. Осыған қарап, Головкин-Роллс жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым, жексенбі күні шамамен 09:00-де басталады деуге болады. Осы жекпе-жектің андеркартындағы кездесулер алты сағат бұрын басталады.