Головкин-Роллс жекпе-жегінің уақыты анықталды

0
1 153

Бокс кеші 8 маусымнан 9-ына қараған түні Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді.


Головкин-Роллс жекпе-жегінің уақыты анықталды

ERNUR.KZ. Геннадий Головкин бұрынғы қарсыласы Сауль Альвареспен өткен кездесудегі жеңілісінен кейін бірінші жекпе-жегін маусым айында өткізеді деп күтілуде. Бұл жолы қазақстандық былғары қолғап шеберінің бақталасы канадалық боксшы Стив Роллс болмақ деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Головкин мен канадалық боксшының кездесуін DAZN стриминг-платформасы таратады.

Бокс кеші Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 03:00-де көрсетіледі.

Сондай-ақ, шоудың андеркарды әлі толықтай қалыптаспаған. Айта кетейік, онда Данияр Елеусінов өнер көрсетеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, кештің басты оқиғасы - Геннадий мен Ролсс жекпе-жегінің нақты уақыты анықталған жоқ.