Головкин соққысы қуатты боксшылардың үштігіне кірді

0
883

​Америкалық рэпер Глассес Мэлони соққысы қуатты боксшылардың рейтингісін жасаған.


Головкин соққысы қуатты боксшылардың үштігіне кірді

Америкалық рэпер Глассес Мэлони соққысы қуатты боксшылардың рейтингісін жасаған.

Рейтінгіде қазақстандық, жеңіліп көрмеген, WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) үздік үштікті түйіндеп тұр.

Головкиннің алдын аса ауыр салмақтағы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) мен Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) ғана орап тұр.

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы кездесуінде америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңген.

Келесі кездесуін қазақстандық боксшы Сауль Альвареспен өткізуі мүмкін.

дереккөз: prosports.kz