Головкинмен айқас алдында "Канело" төрешілер қолдауынан айырылды

0
425


Головкинмен айқас алдында

ERNUR.KZ. Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бапкері Джонатан Бэнкс мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) трилогия алдында төрешілер шешімі туралы ойын айтты, деп жазады vesti.kz.

"Вегаста шешімді ақша әкелетін боксшылар пайдасына жиі шығара ма? Жоқ, жиі емес. Әрдайым. Головкин бірінші айқаста 12 раундтың тоғызында басым болды, бірақ, ол да жетпеді. "Канело" осы жолы көп ақша әкелетін боксшы ретінде бірінші рет жеңілді. Мұндай мүмкін екені оны таңырқатты. Енді ол төрешілер шешімімен жеңіліп те қалатынын біледі. Демек ол жекпе-жекті басқаша өткізеді. Бұл жолы ол нокаутпен жеңуге барын салады деп ойлаймын", - деп береді Бэнкстың сөзін vRINGe.com.