​Головкиннің үздік боксшы болуының құпиясы айтылды

0
1 478

WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкірті туралы ойын айтты.


​Головкиннің үздік боксшы болуының құпиясы айтылды

фото (sport.ua) сайтынан алынды

WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкірті туралы ойын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Егер сен тәртіп, техника мен таймингті жаттықтырмасаң, бір ғана күш ештеңе бермейді. Күш-қуаты мықты жігіттер бар, олар жоғары деңгейге жету үшін дұрыс дайындалмайды. Меніңше, тәртіп, адалдық пен талмай еңбек етуі Геннадийді үздік қылып тұр», - деді Санчес AFP-ге берген сұқбатында.

Айта кетейік, Головкин кезекті жекпе-жегін 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренасында өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян болмақ.