Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды

0
652

Қазақстандық танымал боксшының алдағы жекпе-жегі Чикаго қаласында өтуі мүмкін.


Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды

ERNUR.KZ. IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық боксшы Камил Шереметпен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады, деп жазады sputniknews.kz.

Boxingscene.com порталының хабарлауынша, боксшылар арасындағы жекпе-жек 28 наурыз күні АҚШ-тың Иллинойс штаты Чикаго қаласында өтуі мүмкін. Ал кейбір дереккөздері кездесудің сәуір және мамыр айларынан кейін өтуі ықтимал екенін хабарлайды.

Қазіргі таңда Геннадий Головкин Калифорния штатындағы SNAC System жаттығу залында дайындалып жатыр. Жаттығу 10 күнге созылады. Қазақстандық боксшыны америкалық Джонатон Бэнкс жаттықтырады.