Головкиннің тағы да бір міндетті қарсыласы пайда болуы мүмкін

0
488

Бұл қарсылас қараша айында анықталады.


 Головкиннің тағы да бір міндетті қарсыласы пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) IBF белбеуіне тағы бір міндетті қарсылас пайда болуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

14 қараша күні Вольфсбург (Германия) қаласында неміс Патрик Войцицки (14-0-1, 5 КО) мен канадалық Патрис Вольни (15-0, 9 КО) арасындағы Sauerland Event компаниясы ұйымдастыратын жекпе-жек өтеді. Бұл жігіттер рейтингте төртінші және алтыншы орында тұр. Кездесуде жеңіске жеткен боксшы әлем чемпионымен кездесуге басты үміткер атануы мүмкін.

Еске салайық, қазір Головкиннің IBF белбеуіне міндетті қарсылас - Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Бірақ отандасымыздың полшалық боксшымен кездесуі қашан өтетіні белгісіз. Кейбір мәлімет бойынша, айқас қараша айында өтуі мүмкін. Айта кетейік, Головкин IBF белбеуінен бөлек, IBO белбеуінің де иегері.