Грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

0
3 005

ERNUR.KZ. 9 ақпан күні ОҚО «Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» кешенінде грек–рим күресінен КСРО және Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Владимир Угрениновты еске алуға арналған алғашқы халықаралық турнир басталды.

3 күнге жалғасатын жарысқа қазақстандық спортшылардан өзге Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның 300-ге жуық балуандар келген. Турнирдің ашылу салтанатында Владимир Угригеновтың шәкірттері мен спорттағы достары қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

72 келі салмақтағы спортшылардың жекпе-жектері тартысты өтті. Алматылық Нұржан Нұрғалиев Қырғызстаннан келген Нұрсұлтан Махмузовтан айласын асырып, келесі кезеңге жолдама алды. Батыс қазақстандық Дәулет Ларенов өзбекстандық қарсыласы Умид Ғаниевты турнирден шығарып жіберді. Қызылордалық Рахат Сағынбай мен өзбекстандық Әліжан Хусайнов арасындағы жекпе-жек те қызықты болды. Мұнда отандасымыз мықтылығын байқатып жеңімпаз атанды. Ақтық сайыстар 10-11 ақпан күндері өтеді.