Ильфат Абдуллин садақ атудан әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді

0
1 190


Ильфат Абдуллин садақ атудан әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді

ERNUR.KZ. Түркияның Анталия қаласында садақ атудан әлем кубогінің үшінші кезеңі өтуде. Іріктеу сындарының қорытындысы бойынша қазақстандық Ильфат Абдуллин үздік ондыққа енді деп жазады Olympic.kz.

Классикалық садақ атудан Ильфат 679 ұпай жинап, сегізінші орыннан көрінді. Ол жарыстың негізгі бөлімін үшінші айналымнан бастайды.

Денис Ганькин 28, Санжар Мұсаев 64, Сұлтан Дүзелбаев 85-ші орында.

Әйелдер арасында Қаракөз Асқарова 78-ші орында қалды. Алина Ілиясова 79-шы, Гаухар Игібаева 98-ші сатыда.

Блоктық садақ атудан Жомарт Бектұрсын 73-ші, Виктория Лян 50-ші нәтиже көрсетті.