Илья Ильин бастаған кіл мықтылар Азия чемпионатына қатысады

0
1 255

«Сарықұрлық» додасы 20-28 сәуір аралығына Қытайдың Нинбо қаласында өтеді.


Илья Ильин бастаған кіл мықтылар Азия чемпионатына қатысады

ERNUR.KZ. Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтетін лицензиялық Азия чемпионатына Жазира Жаппарқұл, Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Нижат Рахимов бастаған кіл мықтылар қатысады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне берген сұхбатында ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников айтты.

Аталған лицензиялық «Сарықұрлық» додасы 20-28 сәуір аралығына Қытайдың Нинбо қаласында өтеді. Құрлық біріншілігі - 2020 жылғы Токио Олимпиадасына ұпай беретін маңызды алты турнирдің бірі.

Тілшінің «Қытайдағы сары құрлық додасында кімдерге сенім артамыз?» деген сауалына бас бапкер ерлер арасында Арлей Чонтей (55 келі), Фархад Харки (67 келі), Денис Уланов, Нұржан Сәменов (81 келі), Нижат Рахимов (89 келі), Илья Ильин, Рустам Сыбай (96 келі), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов, Селімхан Абубакировқа (109 келі), әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (55 келі), Карина Горичева (64 келі), Екатерина Столяренко, Екатерина Быкова (71 келі), Жазира Жаппарқұл (76 келі), Раушан Мешітханова (81 келі), Лариса Кобелева (87 келі), Айзада Мүфтілдаға (+87 келі) сенім артатыны туралы айтты.