Илья Ильин Токиодағы турнирде 8-ші орын алды

0
733

Ерлер арасындағы сынға барлығы 9 атлет қатысқан.


Илья Ильин Токиодағы турнирде 8-ші орын алды

ERNUR.KZ. Жапония астанасы Токиода ауыр атлетикадан Олимпиада қарсаңындағы тестілік турнир өтуде, деп жазады Olympic.kz.

Аталған сынға Ибрагим Берсанов пен Илья Ильин қатысты. 109 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қос спортшы да жүлдегерлер қатарында жоқ. Берсанов қоссайыс қорытындысы бойынша 376 келіні бағындырып, алтыншы орын иеленді.

Илья Ильин 365 келімен 8-ші сатыға тұрақтады. Ерлер арасындағы сынға барлығы 9 атлет қатысқан. Ауыр атлеттер додасында 406 келіні еңсерген қытайлық Янг Же топ жарса, екінші және үшінші орынды Ресей мен Корея спортшылары иеленді.