​Испания құрама командасы бас бапкерсіз қалды

0
339
ERNUR.KZ. Әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда Испания құрама командасы бас бапкерсіз қалды.

​Испания құрама командасы бас бапкерсіз қалды

ERNUR.KZ. Әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда Испания құрама командасы бас бапкерсіз қалды.

Осы күнге дейін испаниялықтарды басқарып келген Хулен Лопетеги Мадридтің «Реал» клубына бас бапкер болып тағайындалғаннан соң тәртіпті бұзды деп жұмысынан босатылды. 12 маусым күні Лопотеги мундиалдан соң «Реал» клубын басқарады деген хабарлар тарқатылған болатын. Бұл жаңалық Испания құрама командасындағы ішкі жағдайының бұзылуына себеп болды – деп Испания футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес Лопотегиді жұмысынан шеттеді.

Қазіргі күнде Лопотеги құрама команданың базасынан кетті. Бұл жайлы Испания құрама командасының ресми парақшасында жарияланды.

«Біз жылдам бас бапкердің қызметінен бас тартуға шешім шығардық. Оған біз сәттілік тілейміз. Испания құрама командасының барлық қызметкерлері ішкі тәртіпке бағынуы керек. Мен өзімді сатқын деп есептемеймін. «Реал» клубының бапкерімен Испания футбол федерациясын елемей келісімшарт жасасқаны бізге ұнамады. Біз бұл жайтты елеусіз қалдыра алмаймыз», - дейді Испания футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес.

15 маусым күні Испания мен Португалия Әлем чемпионатының 1-турында кездеседі. Қазірше испаниялықтарды кім алаңға алып шығуы беймәлім.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет