Италия құрамасы Ұлттар Лигасында көш бастады

0
617

А дивизионындағы тартысты матчта Роберто Манчини ойыншылары 3 гол соқты.


Италия құрамасы Ұлттар Лигасында көш бастады

ERNUR.KZ. Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының екінші турында Италия құрамасы Венгрияны ұтты, деп жазады Vesti.kz.

А дивизионындағы тартысты матчта Роберто Манчини ойыншылары 3 гол соқты. Оның біреуі автогол. Атап айтқанда бірінші таймда Николо Барелла (30-минут) мен Лоренцо Пеллегрини (45-минут) көзге түссе, үзілістен кейін Джанлукка Манчини автого авторы атанды.

Қонақта ұтылғанына қарамастан, мадияр командасы Джанлуиджи Доннарумманың қақпасына 14 соққы жасады. Алайда таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп 2:1

Осы жеңістің арқасында "скуадра адзурра" 4 ұпаймен үшінші топтың көшін бастады. Алғашқы турда Англиядан басым түскен Венгрия құрамасы екінші орынға жайғасты. Ал 2 ұпайы бар Германия мен 1 ұпайы бар ағылшыдар төменгі орындарға орналасты.