Италияда өткен Универсиадада Қазақстан құрамасы жеті медаль иеленді

0
860

94 спортшының ішінен жалғыз "алтынға" дзюдошы Ғалымжан Қырықбай ие болды.


Италияда өткен Универсиадада Қазақстан құрамасы жеті медаль иеленді

ERNUR.KZ. Бүгін, 14 шілдеде, Италияның Неаполь қаласында Халықаралық Универсиада-2019 жарысының жабылу салтанаты болады. Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеті медальмен 25-ші орынды қанағат тұтты, деп жазады tengrinews.kz.

Универсиадада 94 спортшы Қазақстан құрамасының намысын қорғады. Жалғыз "алтынды" дзюдошы Ғалымжан Қырықбай иеленді. Ол абсолют салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

Қазақстандықтар бес рет тұғырдың екінші сатысына шықты. Гимнаст Нариман Құрбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет Михаил Литвин, таеквондошы Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейінгі салмақта) және Зоя Кравченко (стендтік ату). Сәрсенкүл Рысбекова (стендтік ату) қола медаль иеленді.

Бірінші орында - Жапония құрамасы (33 алтын, 24 күміс және 28 қола медаль). Екінші орында Ресей - 22, 24, 36. Үшінші орында Қытай - 22, 13, 8.

Айта кетейік, осыған дейінгі өткен Универсиадада (Тайбэй-2017) қазақстандық спортшылар үш алтын, алты күміс және жеті қола жеңген болатын. 2015 жылы Кванджуда өткен жарыста алты алтын алып, қазақстандық спортшылар ең үздік нәтиже көрсеткен еді.