Италиялық клубтарға жасыл жейдемен ойнауға тыйым салынады

0
3 138

А сериясының басшылығы клубтар бір жыл ішінде өз жейделерін жаңа талаптарға сай жасауы үшін бұл шешімді алдын ала хабарлауды жоспарлап отыр.


 Италиялық клубтарға жасыл жейдемен ойнауға тыйым салынады

ERNUR.KZ. 2022/2023 жылғы маусымнан бастап А сериясындағы командаларға жасыл түсті жейдемен ойнауға тыйым салынады, деп жазады vesti.kz.

Мұндай шектеуді енгізуге Италия чемпионатының ойындарын тарататын ірі телевизиялық корпорациялардың талабы себеп болған. Хабар таратушылар жасыл түсті формадағы футболшылар көгалдың түсімен сәйкес болғандықтан, бейнематериал сапасын нашарлатады деп алаңдайды.

А сериясының басшылығы клубтар бір жыл ішінде өз жейделерін жаңа талаптарға сай жасауы үшін бұл шешімді алдын ала хабарлауды жоспарлап отыр.

Өткен маусымда А сериясының кейбір командалары жасыл жейдемен өнер көрсеткен еді. Мысал ретінде "Сассуоло" клубының негізгі формасын айтуға болады.