"Қайрат" Еуропа лигасынан шығып қалды

0
567

Матчтағы есепті алғаш болып алаң иелері ашты.


ERNUR.KZ. Еуропа лигасының екінші квалификациялық раундында алматылық "Қайрат" израильдік "Маккабиден" (Хайфа) жеңіліп қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Командалар Хайкада кездесті. Матчтағы есепті алғаш болып алаң иелері ашты. 31-минутта "Маккаби" ойыншысы Юваль Ашкенази айып добынан дөп тиіп, гол соқты.

Бірінші таймның 45-минутында Вангер Лав гол салып, есепті теңестірді. Оған Гафуржан Сүйімбаев пас берді.

"Маккабидің" жеңіс голын 72-минутта Никита Рукавица салды.

79-минутта Вагнер Лав екінші голын соғып еді, бірақ офсайд болды деп оны есепке алмады. Нәтижесінде таблодағы есеп өзгермеді және "Қайрат" турнирден ұшып кетті.