​"Қайрат" клубы үшін Еурокубок аяқталды

0
1 044

Карлос Алос Феррер шəкірттері бір апта бұрын Чехияда өткен кездесуде 0:2 есебімен жеңілген болатын.


​

Футболдан Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің 3 - айналымы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алматылық "Қайрат" қарымта матчта Чехияның "Сигма" командасына тағыда есе жіберді. Карлос Алос Феррер шəкірттері бір апта бұрын Чехияда өткен кездесуде 0:2 есебімен жеңілген болатын. Сол үшінде өз алаңында жылдам гол соғу əрекетінде болды. Бірақ, қорғаныста қателікке бой алдырып, 19 - минутта өз қақпасынан гол жіберіп алды. Үзілістен соң чехтар отандастарымыздың қақпасына екінші голды соқты. Бұл жолы 51 - минутта Давид Хоуска əріптестерінің қошеметіне бөленді. 61 - минутта Мартон Эппел алматылықтардың жалғыз голына авторлық жасады. Қортынды есеп 1:2 "Сигма" командасы келесі айналымға жолдама алды.
Ал, Ресейдің "Зенит" ұжымы баршаны таң қалдырды. Сергей Семактың шəкірттері Минск қаласында "Динамо" клубына 0:4 есебімен жеңілген болатын. Көршілеміз өз алаңында негізгі уақытта 4:0 есебімен жеңіске жетті. Қосымша уақытта қарсыластарының қақпасына тағы 4 гол соғып жалпы 8:1 есебімен жеііске жетіп турнирді жалғастыратын болды.