​ "Қайрат" пен "Тобыл" сенімді ақтады

0
1 363

Қазақстан командалары да бақ сынап, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады.


​

суреттер: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Футболдан Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің 1/8 финал бәсекелері мәресіне жетті деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан командалары да бақ сынап, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Алматылық "Қайрат" өз алаңында жартылай кәсіпқой команда Андорраның УЕ "Энгордани" ұжымының қақпасына 7 гол соқты. Матчта Мартон Еппел покерге қол жеткізді. Сондай-ақ, Эсеола, Бауыржан Исламхан, Ян Вогоровскийлерде аттарына гол жаздырды. Қонақтар сапында Морган Лафонд бір голдың қарымтасын қайтарды, есеп - 7:1.
Осы орайда айта кесек, УЕ "Энгордани" құрамында 7 футболшы кәсіби, ал қалғандары түрлі салады қызмет жасайды. Біреуі полицей болса, екіншісі тіс дәрігері. "Қайраттың" келесі айналымдағы қарсыласы Голландияның АЗ "Алкмар" клубы болады.
Қостанайдың "Тобыл" ұжымы өз алаңында Грузияның "Самтредия" командасын 2:0 есебімен жеңді. Голдарды Бауыржан Тұрысбек пен Аслан Дарабаев соқты. "Тобыл" енді Арменияның "Пюник" командасымен кіл мықтыны анықтайтын болады.

Ал, Павлодардың "Ертіс" клубы өз алаңында Литваның "Тракай" командасына 0:1 есебімен жеңіліп турнирден шығып қалды.