Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына қосылды

0
816

Басқа да қазақ боксшылары рейтингте көтерілген.


Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына қосылды

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақта рейтингін жаңартты,-деп жазады Vesti.kz.

Жаңа тізімде қазақстандық боксшылардың да орны өзгерген.

Нақтырақ айтсақ, Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) 13 сатыдан тоғызыншы орынға көтерілген. Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз соңғы кездесуін 26 шілде күні Минскіде (Беларусь) өткізіп, Нух Лавальяға (27-7, 15 КО) кездесуде WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеулерін қорғап қалды. Кездесу барысында Ербосынұлы қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан тағы бір отандасымыз Нұрсұлтан Жаңабаев (8-1, 5 KO) күтпеген жерден Санди Мессаудтан (14-6, 1 КО) жеңіліп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Australasian белбеулерінен айырылды. Бұл қазақстандық боксшының бірінші жеңілісі еді. Осылайша ол IBF рейтингінен шығып қалды.

Орта салмақтағы өзгерістер мынадай:

Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді;
Жәнібек Әлімханұлы 12 сатыдан, 11 сатыға көтерілді;
Анатолий Муратов 14 орыннан, 13 орынға көтерілді;
Қанат Ислам үзік 15 боксшының қатарына қосылып, 15 орынға жайғасты;
Сергей Деревянченко жетінші орыннан үздік 15 боксшынан қатарынан шығып қалды.