"Канело" қазақ боксшыларын жаттықтырды

0
626

Сонымен қатар ол барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады.


ERNUR.KZ. Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық боксшылармен тәжірибесімен бөлісті, деп жазады stan.kz.

"Канело" Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағанбетпен (8-0, 6 КО) оқу-жаттығу өткізіп, спортшыларымызға тапсырма беріп, мысалмен түсіндірді.

Сонымен қатар ол барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады.

"Барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем. Құшақтадым. Досың Канелодан",- деді ол.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында Сауль Альварес қазақстандық ардагер Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) ұтқан болатын.