"Канело" мансабын қашан аяқтайтынын айтты

0
833

Қазір Сауль "Канело" Альварес 30 жаста.


ERNUR.KZ. Екінші орта салмақтағы WBC және WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтып берді, юдеп жазады vesti.kz.

"Зейнетке шыққан кезде мен шаршы алаңға дейін жүріп өтетін сәтті қатты сағынатын боламын. Бірақ әлі жеті жыл жұдырықтасуға уақытым бар. Содан соң карьерамды аяқтаймын", - деді 30 жастағы "Канело" Boxingscene.com порталына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Альварес өзінің алдағы кездесуін екінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері 31 жастағы Билли Джо Сондерске (30-0, 14 КО) қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 8-мамыр күні Техас штатындағы AT&T Stadium спорт кешенінде өтеді.