"Канело" өзін-өзі ұстап берді. Допинг-жанжалға қатысты тың мәлімет шықты

0
1 631

Интернетте бокс туралы трансляция жүргізетін On Queer Street мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) 2016 жылы берген сұхбатын еске алды, онда ол жаттығу лагерінде жүргенде қандай тамақ жейтінін әңгімелеп берген.


Интернетте бокс туралы трансляция жүргізетін On Queer Street мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) 2016 жылы берген сұхбатын еске алды, онда ол жаттығу лагерінде жүргенде қандай тамақ жейтінін әңгімелеп берген, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазір ғана „Канело“ өзінің лагердегі диетасы туралы айтып берген сұхбатты тауып алдым. Онда жаттығу кезінде тек тауық етін жейтінін айтқан", — деп атап өтті On Queer Street.

Шынында да, бұл сұхбатта Альварес күн сайын қалай тамақтанатынын бүге-шігесіне дейін баяндап берген: таңғы ас –жұмыртқа ақуызы мен апельсин шырыны, ланч — сәбіз қосылған тауық еті, кәді (кабачок), брокколи және түсті орамжапырақ, жүрек жалғауға — алма, қияр, жүзім, джикама, түскі ас — көмірсусыз протеинді коктейль.

Естеріңізге сала кетейік, "Канелоның " 17 және 20 ақпанда алынған екі допинг сынамасынан кленбутерол табылған болатын. Оның командасының айтуынша, тыйым салынған зат ағзаға мексикалық сиыр еті арқылы түскен.